• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Саясат 29 Наурыз, 2023

Аймағамбетов қызметтік пәтерге қатысты: «Жеке пәтерім бар, ешқайда көшпеймін»

961 рет
көрсетілді

Асхат Аймағамбетовке депутаттық пәтерге қатысты сұрақ қойылды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистер оған «Депутат ретінде қанша табыс аласыз, депутаттық пәтерге үміттісіз бе?» деген сұрақ қойды.

29 наурызда Астанада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуы өтті, оған Асхат Аймағамбетов Мәжіліс депутаты ретінде қатысты.   «Үкімет қаулысы бар. Мен әрқашан осылай жауап беремін, қазір де ерекшелік болмайды. Барлығы реттеледі. Заңда көрсетілген нәрсені орындаймыз. Пәтерге келетін болсақ, мен осында тұрамын. Мен тұратын тұрғын үй кешенінде жеке пәтерім бар. Бүгінде ешқайда көшпеймін. Алдын ала кесіп айтқым келмейді, бірақ жоспарымда жоқ», деп жауап берді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.
Соңғы жаңалықтар