Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов Жирондағы «Челленджердің» екінші айналымында сербиялық Милан Зекичті 6:0, 6:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚТФ баспасөз қызметі хабарлағандай, ширек финалда Тимофей Скатов ресейлік Иван Гаховқа қарсы ойнайды.
Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жұқаев Францияның Лилль қаласында өтіп жатқан «Челленджерде» Аустралия өкілі Макс Перселге 6:7 (1:7), 6:2, 6:7 (5:7) есебімен жол берді.
Дәл сол турнирде Михаил Кукушкин бірінші айналымда француздық алаң қожайыны Кенни де Схеппермен кездесіп, 2:6, 3:6 есебімен жеңілді.