• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Наурыз, 2023

Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

411 рет
көрсетілді

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сот отырысына келуден бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 3 сәуірге таңғы сағат 10:00-ге шегерілгені хабарланды.

«Сотталушының сот отырысына келмеуіне байланысты сотталушының дәлелді себептерін растайтын мәліметтер жоқ. Соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 157 және 335-баптарына сәйкес сот Күдебаевты көрсетілген уақытқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды», делінген сот хабарламасында.