• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Наурыз, 2023

Израильде шерулер басылмай тұр

270 рет
көрсетілді

Израильде сот реформасына қарсы шерулер тыйылмай тұр. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху сот билігі тармақтарына өзгеріс енгізу жоспарын кейінге қалдыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған қарамастан демонстранттар Тель-Авив көшелерінен тарқаған жоқ.

Бұл жолы олар Ұлттық қауіпсіздік министрлігі жанынан Ұлттық гвардия құру жоспарына наразылық білдірді. Айта кетсек, Израильдегі шерулер бірнеше аптадан бері жалғасып жатыр. Бұл туралы qazaqstan.tv хабар таратты.

Оппозиция Премьер-министр ұсынған сот реформасы сот жүйесінің тәуелсіздігін шектеуге бағытталған деп есептейді.

Ал Нетаньяху керісінше, мұны жоққа шығарып отыр.