Бүгін сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.