• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Балалар 30 Наурыз, 2023

Бас жүлде «Таңшолпан» баласында

343 рет
көрсетілді

Пешенесіне әке мен шеше мейірі бұйырмаған балдырғандарға арналған байқауда кішкентай қарағандылықтар біраз жүлдені еншілеп келді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық фестивалі «Қазақстан – менің алтын бесігім» аталды. Байқаудың кішкентайлар сана­тындағы бас жүлдесін қарағандылық Сергей Касьянов иеленді.

Фестивальде балалар вокал бағытында «Жүрек жылуы» аталы­мында өнер көрсетті. «Таң­­шолпан» балалар үйінің тәр­бие­ленушісі Сергей Касьянов кішкентайлар арасында оза шауып, бәйге алса, ал орта жас санатында екінші орынды Татьяна Касьянова жеңіп алды. Татьяна да «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі. «SOS Теміртау балалар ауылы» тобының мүшесі Ангелина Вострикова да жоғары жас санатында күміс жүлдегер атанды.

– Сергей фестивальде бірінші рет өнер көрсетті. Татьяна көп­те­ген облыстық және қалалық бай­қаулардың лауреаты. Балалар 2 жылдан бері әнге ден қойып келеді. Жалпы, біздің орталықта 25 үйірме жұмыс істейді. Во­калдан басқа, би, футбол, қазақ­ша күрес, домбыра және тағы да өзге үйірмелер бар, – дей­ді «Таңшолпан» балалар үйі дирек­торының тәрбие жұмысы жө­ніндегі орынбасары Аян Кәрім.

Сондай-ақ «Ризамын халқы­ма!» театралды номинацияда «Жас орындаушы» атағы Осакаров ауданының Пионер балалар үйінің тәрбиеленушісі Ирина Жароваға берілді.

Фестиваль «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында өткенін атаған жөн.

 

Қарағанды