• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Өнер 30 Наурыз, 2023

Сахнада – «Solo»

379 рет
көрсетілді

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында «ALEM» заманауи хореография балеті «Solo» пластикалық дивертисмент қойылымының премь­ерасын ұсынды.

Аталған қойылымның фило­софиялық негізі, идеялық маз­мұны мен режиссерлік жұмысы «ALEM» заманауи хореогра­фия балетінің көркемдік жетек­шісі Бақыт Тажиновтің бас­тамасымен іске асып отыр. Экс­перименттік хореография сти­ліндегі би нөмірлері заманауи композиторлардың музыкасымен сүйемелденген. Балет әртістері пластика, икемділік, тонус және музыканы ерекше сезінуді талап ететін – «іштей сезіну арқылы» билей алатын бірегей техниканы меңгергенін кезекті рет көрсетті. Қойылым филармонияның басқа шығармашылық ұжымдарының аспапшы-музыканттары мен шақырылған балет әртістерінің қатысуымен ерекше. Соның бірі – Петропавл қаласынан келген ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған «Sensitive» би театрының солисі Даниял Кан­гожин. Осындай бірлескен қойылым Е.Рахмадиев атындағы МАФ балет әртістері үшін ал­ғашқы инклюзивті тәжірибе бол­ғанын да айта кетейік.

Қойылымның қоюшы-балет­мейстерлері – Ұлан Изенаев пен Жанна Сейітова, балет репе­ти­торы – Жанат Сәрсембаев. Ша­қы­рылған қоюшы-балетмейс­терлер – «Sensitive» би театрының бас балетмейстері Ольга Рос­тов­щи­­кова (Петропавл), Ұлттық ұла­ны Ән және би ансамблі­нің көр­кемдік жетекшісі және қою­шы-хорео­графы Гүл­мира Рашева (Астана).

Астанада өткен премьерадан кейін пластикалық дивертисмент қойылымы гастрольдік сапарға шықпақ. Мәселен, 30 наурызда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола об­лыстық филармониясының концерт залының сахнасында «Solo» қойылымын көкшетаулық көрермендер халқы тамашалайды. Ал 31 нау­рызда өнерпаздар Петропавлда Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында өнер көрсетеді.

«Alem» заманауи хореграфия балетінің құрамында күрделі хореографиялық тапсырмаларды орындай алатын кәсіби бишілер жұмыс істейді. Олардың шеберлігі актерлік дарындылықпен, орындау мәнерлілігімен толыққан. Әртістер өз концерттерінде хорео­графиялық өнердің байлығы мен сұлулығын көрсете отырып, классикадан модернге дейінгі сан алуа­н би стильдерін меңгерген.