Контейнерлік тасымалдарды дамыту және жүктердің қосымша көлемін тарту бойынша «KTZ Express» АҚ мен «Славтранс-Сервис» АҚ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалыпты. Бұл туралы Rail-news.kz хабарлап отыр.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Қытай, Каспий бассейні мен ТМД елдері нарығында ауыл шаруашылығы жүктерін мультимодальді жеделдетіп тасымалдауды дамытуға; Солтүстік – Оңтүстік дәлізін нығайтуға ықпал етеді.
Мұнымен бірге келісім шеңберінде Қазақстан – Ресей (Мәскеу торабы), Қырғызстан – Ресей (Мәскеу торабы) бағыттары бойынша контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру жоспарланып жатыр.