• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Сәуір, 2023

Швейцарияда екі пойыздың вагондары рельстен шығып кеткен

215 рет
көрсетілді

Берн кантонында 2 жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Апат салдарынан 12 адам зардап шекті, оның үшеуі – бала. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды. Жарақат алған жолаушылар дереу ауруханаға жеткізілді. Бір адам ауыр халде жатқаны анықталды.

Теміржол операторының мәлімдеуінше, апатқа күшті жел себеп болуы мүмкін. Оқиға болған сәтте жақын маңдағы өлшеу стансасы желдің екпіні сағатына 136 км болғанын тіркеген.