• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Сәуір, 2023

Жетісу облысында 6 градусқа дейін үсік жүреді

355 рет
көрсетілді

Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында 4 сәуірде түнде 1-6 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі, шаңды дауыл соғады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

Шымкент қаласында найзағай жарқылдайды. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.