• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Дәстүр 03 Сәуір, 2023

Бас бәйге – «Алатауда»

278 рет
көрсетілді

Ұлыстың ұлы мейра­мында ұлттық өнер­дің өрісі кеңіп, Өзбек­станның Термез қала­сында көк­пардан халық­аралық жарыс өткен еді. Деле­бені қоздырар додалы жа­рысқа Алма­ты об­лысының тақы­мы мық­ты көкпаршы­ла­ры­нан құралған «Ала­тау» командасы қатыс­ты.

Өзбекстан президентінің кубогі са­рапқа салынған бұл жарыста облыстың намысын қорғаған «Алатау» көкпар командасы іріктеу сындарында қарсылас «Өз­бекстан-2» және «Қара­байыр» (Өз­бекстан) ко­ман­даларын артқа тас­тап, ше­шуші ойында Қырғыз­стан құрама командасын 12:4 есе­бімен ойсырата же­ңіп, бай­рақты бәсекенің бас бәй­гесін қанжығасына байлаған-ды.

Осыған орай, халықаралық жарыс­тың жеңімпазы атанған «Алатау» көк­пар командасын Алматы облы­сының әкімі Марат Сұлтанғазиев қуа­­­ныш­­­пен қарсы алып, ұлттық спорт­­қа қосқан сүбелі үлесі мен халық­аралық жарыс­та жоғары нәтиже көрсеткендері үшін «Алатау» көкпар феде­ра­циясының президенті Сәбит Қасеновке және команда бап­кері мен спортшыларға Ал­ғыс­хатын табыс етті.

Осыдан екі жыл бұрын «Жетісу» атауымен құрылып, кейін «Алатау» аталған көк­­пар командасының аз уа­қыт ішіндегі жетістігі жан жадыратарлық. Оған 2022 жылғы республикалық чем­пио­наттың бірінші лигасында тоғыз команданың ішінен топ жарып, чемпион атануы дәлел.

Алматы облысының екі­ге бөлінуіне орай биылдан бастап «Алатау» атауы­н ен­шілеген көкпаршылардың халықаралық бәсекедегі бұл жеңістері жібін үзбей жал­ғасатынына сенімді. Ат жалында ойнайтын епті де жү­ректі әрі білекті жекпе-жек ше­бері Темірлан Сейітбеков пен Ержанат Тоқтарбаевтың және Бақытжан Сайдолданов, Ережеп Абай бастаған са­йып­қырандардың ойындары қашанда көрерменнің қо­­шеметіне ие. Білікті көк­­пар­шылардың ізінен ілес­кен жас спортшылар Серік Әбуов, Айдос Амантаевтар ертеңінен мол үміт күттіреді. Бас бап­кер Саят Сыдырманов бап­таған команданың 7 ойын­шы­сы бүгінде Қазақстан құра­масының сапында өнер көр­сетіп жүр.

 

Алматы облысы