Теннистен Қазақстанның екінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарлстон қаласында өтіп жатқан топырақ төсеніштегі «WTA 500» турнирін сәтті бастады.
Жерлесіміз алғашқы айналымда әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинамен шеберлік байқасты. 2019 жылы АҚШ ашық біріншілігі мен Уимблдон додасында жартылай финалға дейін жетіп, Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған 28 жастағы теннисші сәбилі болуына байланысты біржылдық үзілістен кейінгі алғашқы ойынын өткізді. Үш сағатқа жуық жалғасқан матчта Юлия 6:7 (3:7), 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.
Жерлесіміз екінші айналымда әлемнің 17-ші, осы жарыстың 7-ракеткасы ресейлік Екатерина Александровамен кездеседі.