• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бокс 04 Сәуір, 2023

Жастар жұлқынып тұр

436 рет
көрсетілді

Бакуде Әзербайжанның тұңғыш пре­зиденті Гейдар Алиевтің туғанына 100 жыл толуына орай бокстан жас­тар арасындағы халықаралық турнир ұйым­дастырылды.

Каспий теңізінің жағалауында өткізілген байрақты бәсекеде Қазақстанның жастар құрамасы толық құрамда қатысып, 11 медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Ержан Ізті­леуов (52 кг), Тагир Сатаев (63 кг) және Жас­ұлан Бердалы (70 кг) өз салмақтарында үздік шықса, Игорь Соловьев (63 кг), Бекарыс Нұр­мұхан (66 кг), Бексұлтан Қайратұлы (80 кг) фи­налда жеңіліп, күміс медальға ие болды. Ал Рама­зан Орынбасар (50 кг), Асқар Қуаныш (63 кг), Мұхит Нұрқабыл (57 кг), Бақытжан Айтмұ­ханов (75) және Аният Тілеужан (80 кг) ха­лық­аралық турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль олжалаған Ресей бокс­шы­лары топ жарса, Қазақстан құрамасы 11 жүлдемен екінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті Әзербайжан боксшылары (3+1+13) түйіндеді. Сондай-ақ жарыс қорытындысы бойынша Данияр Ақбисенов «Ең жігерлі боксшы» атанды.