• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Сәуір, 2023

Дауылдың зардабы

340 рет
көрсетілді

Биылғы қыстың қарасуығы Сыр жұртшылығын біраз қысып, мал-жанды әбігерге салып қойды. Дегенмен наурыздың соңғы күндері күн қабағы күрт ашылып, тал-дарақтар бүршік жара бастаған еді. Осы мамыражай мезетті сәуірдің алғашқы күндері көтерілген шаңды дауыл бұзды да кетті.

Ауа райының қолай­сыз­ды­ғы­­нан бірқатар елді мекендер­ элек­тр жарығынан ажыраты­лып,­­ бағаналар мен көше бо­йын­­­­­дағы ағаштар опырылып түс­­­ті­. Өңірлік коммуникациялар қыз­­­­метінде өткен брифингте са­ла­­­­ мамандары екі күн ішіндегі жағ­­­­дайдан толық мағлұмат бер­ді.

– Секундына 15-28 метр жыл­­­­­­дамдықпен соққан дауыл­ сал­­­дарынан облыс, аудан және бір­­­­қатар ауылдар ішінара электр жарығынан ажыратылды.­ «КРЭК» АҚ мамандарынан ақау­ электр желілерін қалпына кел­­ті­ру үшін барлық ауданға 260­ адам­нан тұратын 64 брига­да­ жа­сақталды, 54 техника жұ­мыс іс­теді, – деді облыстық энер­ге­­­­тика және тұрғын үй-ком­му­нал­­дық шаруашылық бас­қар­ма­­­сы басшысының орынбасары Қайсар Мақсұтұлы.

Дүлей дауыл «Қазалы-Те­мір­­­­­­­жолжылу» филиалына қа­рас­­ты­­ бу қазандығының 40 метр­­лік мұр­жасын құлатып, апат­­тық жағ­дай­ орын алды. Әй­теуір, адам аман, қазандық ғи­маратына да зақым келмеген.­ Ава­риялық жағдайды қалыпқа кел­тіру үшін 2 кран, 1 жылжы­ма­лы дәнекерлеу агрегаты,­ фи­ли­ал­дың 15 маманынан құралған топ жұ­мыс жасады. «Қызылордажылу­элек­тр­о­­рталығы» мемлекеттік ком­му­нал­дық кәсіпорнының директоры­ ­Медет Усайнның ай­туынша, бүгінде мұржаның жа­рамды бөлігі қайта орнатылып,­ № 2,4 қазандықтар іске қосылып, жылу берілуде.

– Осы жылдың 1-2 сәуірінде об­лыс аумағында қалыптасқан метео­­рологиялық құбылыс сал­дарынан 24 нысанға зақым кел­ді. Шатыры ұшқан 22 нысанның бар­лығы дерлік жартылай неме­се ішінара зақымданған. Қазір­ қала және аудандарда кел­ті­ріл­­ген шығын көлемі есептеліп жа­тыр, – дейді облыс әкімі аппара­ты­ тө­тенше жағдайлардың алдын­ алу­ және жою бөлімінің бас­шы­сы­­ Ағайша Сматова.

Шатырсыз қалған ғи­ма­рат­тар қатарында 6 мектеп, 1 кол­ледж, 3 ауылдық мәдениет үйі­, 9 мемлекеттік мекеме, 2 көп­қа­бат­ты­ тұрғын үй, 3 жеке бас­па­на­­­ бар.

Брифингте «Қазгидромет» РМК­ Қызылорда облысы бойын­ша­­­ филиалының бөлім басшысы­ Әйгерім Жөкелова ал­дағы күн­де­рі жел екпіні тө­мендеп, ауа тем­пе­ратурасы­ түнде 7+12, күндіз 15+23 градусқа дейін кө­те­­­рі­летінін айтты.

 

ҚЫЗЫЛОРДА