• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Туризм 06 Сәуір, 2023

Маңғыстауда туризм саласы дамып келеді

497 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған деректерге қарағанда, өткен жылы Маңғыстау облысына 41 мыңнан астам шетелдік турист келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орташа алғанда, шетелден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында бір аптадан 12 күнге дейін қонақтаған.

Сондай-ақ еліміздегі демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша алғашқы үштікке Алматы және Астана қалалары кірді. 2022 жылы Алматыға 417 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Орташа алғанда, олар оңтүстік астанада 3-5 күн өткізген. Былтыр Астанаға 238 мыңнан астам шетелдік турист келді.

Елордада туристер 2-3 күн тұрақтайды. Бұл ретте шетелден келген туристердің Қазақстанда саяхаттау мерзімінің орташа ұзақтығы 4 күнді құрайтынын айта кету керек.

«Сапардың ұзақтығы өңірдің туристік тартымдылығын көрсетеді. Маңғыстау облысының әлеуеті өте зор және біз оны толығымен іске асыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мамандарды даярлау және оқыту, туристік инфрақұрылым салу, жаңа тікелей авиарейстер ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Шетелдіктер арасында сұраныс үлкен. Сол себепті елімізге келетін шетелдік туристердің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.