• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2023

Қарағанды облысында 12 мектептен жарты миллиард теңге ұрланған

261 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының 12 мектебінен жарты миллиард теңге ұрланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмысты ұйымдастырғандар ресми құжаттарға жалған ақпарат жазып, қаражатты бөгде адамдарға аударған. Тергеу нәтижесінде қазынаға 100 миллион теңге қайтарылды. Ұрлыққа қатысы бар екі адам ұсталды. Ал 3 мектеп директоры мен 5 бухгалтер жұмыстан шығарылды. Басқа да сыбайлас болған қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.