• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 07 Сәуір, 2023

Әзербайжан Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

455 рет
көрсетілді

Қазақстанға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді.

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.