Алматы полициясы Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді ел аумағынан шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы полициясы жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 18 Өзбекстан азаматы мен Тәжікстан азаматын анықтады.
«Біз 19 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырдық. Осы мақсаттар үшін көп орындық автобус қарастырылған. Олар «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді. Еске салайық, Алматы полициясы заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді заңсыз тарту фактілерін анықтау мақсатында «Мигранттық», «Нелегал» және «Құқық тәртібі» бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді», деп хабарлады көші-қон басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.
Жыл басынан бері 6472 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1738-і шетел азаматтары. 248 шетелдік әкімшілік тәртіппен елден шығарылды. ПД қабылдау бөліміне жеке басын куәландыратын құжатсыз 365 шетел азаматы орналастырылды.