Израильдің Тель-Авив қаласында қаскөй көлігімен бір топ адамды қағып өткен, содан кейін оқиға орнына шұғыл келіп жеткен полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды.
Лаңкестің көзі жойылды. Израильдің Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны лаңкестік шабуыл деп таныды.
Қаза тапқан адамның Италиядан келген турист екені анықталды. Жаралылар да туристер болып шықты.