• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Университет 09 Сәуір, 2023

Мобильді қосымшалардың тиімділігін дәлелдеді

393 рет
көрсетілді

Абай университетінің докторанты, жас ғалым Ерлан Исақов бастаған зерттеу тобы география мұғалімдерінің сыныптан тыс туристік-өлкетану қызметінде мобильді географиялық ақпа­раттық жүйе қосымшаларын қолданудың тиімділігін дәлелдеді.

Университет қаржыландырған «Болашақ география мұғалім­дерінің туристік-өлкетану құзы­ретін қалыптастырудың құры­лымдық моделін жасау арқылы өлкетануды ұйымдастыру» жобасы аясында iOS, Microsoft Windows, Mac OS X (iTunes) опера­циялық жүйелері мен App Store және Google Play плат­фор­маларындағы мобильді гео­графиялық ақпараттық жүйе қосым­шаларына зерттеу жүргі­зілген. Е.Исақов бастаған зерттеу тобы (Ш.Лайсханов және Н.Үсе­нов) туристік-өлкетану сала­сындағы жұмыстарды ұйымдас­тыру мен жүргізуде пайдалануға болатын Google Play-ден 250-ге жуық және App Store-дан 150-ге жуық қосымшаны анықтаған.

Зерттеу тобы смартфонға жүк­­­теуге болатын мобильді гео­­гра­­фиялық ақпараттық жүйе қо­сымшаларының функцио­налдығы мен артық­шы­лықтарын бес топқа жік­теп, бо­лашақ география мұғалім­де­рінің туристік-өлкетану құзырет­тілігін қалып­тастырудың моде­лін жасақтады. Сондай-ақ турис­тік-өлкетану іс-әрекеттерін ұйым­дастыру және жүргізу үшін оқу бағдарламасын және оқыту технологиясын әзір­леп, тиімділігін дәлелдеп шықты.

Жоба аясында Е.Исақов Ыстанбұлдағы (Түркия) «Ri­mar Academy» мен Мажарстан ауыл шаруашылығы және жара­ты­­лыстану ғылымдары уни­вер­ситетінің «Тұрақты туризм» депар­таментінде болып зерттеу тә­жірибесін жүргізді. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері Scopus базасында индекстелетін Geojournal of Tourism and Geosites (69-про­центиль) журналында және тиіс­ті министрліктің Ғылым және жо­ғары білім саласындағы сапа­ны қамтамасыз ету комитеті ұсын­ған басылымда жарияланды.

 

АЛМАТЫ