Әлемде түрлі ғажайып архитектуралар бар. Солардың ішіндегі ерекше жеті ғимаратты назарларыңызға ұсынамыз.
1. Қисық үй - Польшаның Сопот қаласында орналасқан. Ол мұхит толқынының қозғалысы тәрізді етіп жасалынған. Ғимараттың жобасын польшалық Jan Marcin Szancer жасаса, архитекторлық жұмыстарын Яцеком Карновски жүргізген.
2. Habitat 67. Канаданың Монреаль қаласында орналасқан бұл тұрғын үй кешені кездейсоқ орналастырылған қораптарға ұқсайды. Ол 1967 жылы ұйымдастырылған экспо көрмесіне ұсынылған болатын.
3. Лотос храмы - Үндістанның Дели қаласында орналасқан. Бұл ғибадатхана гүлденген лотос гүліне ұқсайтын етіп салынған.
4. Атомиум - Бельгияның Брюссель қаласында орналасқан құрылыс жобасы. Ол атомға ұқсас етіп жасалған.
5. Big Basket. АҚШ-тың Огайо қаласында орналасқан бұл ғимарат тұтқалары мен өрілген бөлшектерімен үлкен себетке ұқсас етіп жасалған.
6. Фоллингуотер - АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы ерекше үй. Ол сарқыраманың үстінде орналасқан. Оны сәулетші Фрэнк Ллойд Райт жобалаған.
7. Пенедо тас үйі - Фафе тауларында орналасқан. Оны Витор Родригиш 1974 жылы тастан қашап салған.