• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Сәуір, 2023

Қазақстанда сүт өнімдері 29 пайызға қымбаттаған

662 рет
көрсетілді

Биылғы наурыз айының қорытындысы бойынша сүт өнімдері бір жылда бірден 29,1%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Еnergyprom сарапшыларының айтуынша, баға Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті: 41,8%. Антилидерлер қатарына Қызылорда облысы (33,7%-ға) және Астана (32,4%-ға) қаласы кірген. Сүт өнімдерінің бағасы Ақмола (22,9%-ға) және Ұлытау (25,1%-ға) облыстарында, Алматыда (25,2%-ға) бір жылда ең аз қымбаттаған. 

Өткен жылдың 12 айында сүт және сүт өнімдерін орташа тұтыну жан басына шаққанда 226 келіні құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,1%-ға аз.

Сүт пен сүт өнімдерін Ақмола облысының тұрғындары көп тұтынған: жан басына шаққанда 267,1 келі. Одан кейінгі орында Астана мен Алматы қаласы орналасқан: тиісінше жан басына шаққанда 259 келі және 253,7 келі. Ең төмен көрсеткіштер Шымкент пен Қызылорда облысында тіркелді: жылына жан басына шаққанда 138,1 келі және 183,8 кг.