• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Сәуір, 2023

Найзағай, бұршақ, аяз: 12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

400 рет
көрсетілді

Синоптиктер 2023 жылдың 12 сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігі жоғары қысымды аумақта болады, соған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Ауа райы болжамына сәйкес, тек республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын  күтіледі.

«Республикада жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай, бұршақ, батыста – шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстік-батыста, орталықта – тұман күтіледі», деп хабарлады синоптиктер.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз +11+13°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +23+25°С.