• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2023

Санкцияланбаған митинг өткізген жаңаөзендік жұмысшылар полицияға жеткізілді

510 рет
көрсетілді

Астанада мұнай саласы бойынша қызмет көрсету компаниясының бір топ жұмысшысы санкцияланбаған митинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ел заңнамасына сәйкес, бұқаралық іс-шаралар жергілікті атқарушы органдарды хабардар ете отырып, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың қалыпты жұмысына кедергі келтірмейтіндей, арнайы рұқсат етілген жерде ұйымдастырылуы қажет.

Алайда, митингке қатысушылар жергілікті атқарушы органдарға  тиісті өтініш жолдамай, жергілікті мәслихат шешімінің тізімінде жоқ жерде санкцияланбаған шара ұйымдастырғаны анықталды.

Нәтижесінде, «Бейбіт жиындар туралы» заңын бұзуына байланысты  акцияның бірқатар ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Ұсталғандар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 488 және 667 баптары бойынша жауапқа тартылады.

Аталған баптардың санкцияларына сәйкес кінәлі адамдарға ескерту жасалады немесе 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Олар сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.