Бүгін «Қазгидромет» РМК синоптиктері қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 17-22 м/с.Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.
Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.
Түркістан облысының тауында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.