• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Ғылым 12 Сәуір, 2023

«Жас ғалым» жобасы нәтижелі болды ма?

409 рет
көрсетілді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед Заки «Жас ғалым» жобасының нәтижесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада өткен «Ғылымды дамытудың жаңа трендтері» атты брифинг барысында «Жас ғалым» жобасы аясында қол жеткізілген нәтижелер сараланды.

- «Жас ғалым» бағдарламасы - үлкен аға буындағы зерттеу жұмыстарына бір қадам жақындау үшін дайындалған бағдарлама. Себебі кезінде, осыдан 3-4 жыл бұрын болған конкурсқа сәйкес жас ғалымдар қаржыландыру көзінен шеттетілген болатын. Соларға қосымша осы бағдарлама енгізілді. Нәтижесінде, қазіргі уақытта әрбір ғылыми жобаның шеңберінде ғылыми мақалалар жарияланып, соған сәйкес инженерлік-технологиялық бағыттар бойынша инновациялық патенттер болса, үшіншісі, ұтып алған жастардың көпшілігі аға буын деңгейінде қарастырылатын жобаларға қатысып отыр, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар