• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Сәуір, 2023

10 жылда алғаш рет Сирия мен Тунис елші алмасу туралы шешім қабылдады

557 рет
көрсетілді

Сирия Тунистің Дамаскіде елші тағайындау туралы шешіміне жауап ретінде бұл елдегі дипломатиялық өкілдігін қайта ашып, елші жіберуге шешім қабылдады. Бұл туралы қос мемлекеттің бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тунис Республикасының президенті Каис Саидтың Сирия Араб Республикасында елші тағайындау туралы бастамасына жауап ретінде Сирия үкіметі бұл тағайындауды дереу мақұлдағанын жариялады және Тунисте Сирия елшілігін ашып, таяуда елші тағайындау туралы шешім қабылдады», делінген SANA агенттігі таратқан мәлімдеме үзіндісінде.

Онда «Сирия-Тунис қарым-қатынасын қалпына келтіру мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлері арасында консультациялар жалғасып жатқаны» аталып өткен.

Тунис 10 жыл бұрынғы қарулы қақтығыстан кейін Сириямен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген еді. Биылғы ақпанда Тунис президенті Дамаскідегі дипломатиялық өкілдік деңгейін арттыру және елші тағайындау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.