• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2014

Ел мен жердің тірегі

353 рет
көрсетілді

Елбасының туған күніне арнау Қазақты ақын халық дейміз. Бір ауыз өлең құрастыра алмайтын қазақ жоқ дейміз. Сол сөздің растығының тағы бір айғағы – редакцияға таяуда түскен мына шумақтар. Бұл шумақтар қазақ өнеріндегі жарық жұлдыздардың бірі – Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпованың қаламынан шығыпты. Төрт аяғы тең жосылған жорға жолдар емес, әрине. Көркемдік кестесі кемдеу. Бір тұста ұйқасы әлсіздеу соғып қалады. Тағы бір тұста буыны толмай қалады. Әйтсе де, осы күйінде де, оқырман назарына ұсынуға бекініп отырмыз. Өйткені, мұнда атақты актрисаның жан-жүрегін жарып шыққан ақ тілегі бар, ел бағына туған тұлға үшін мақтаныш сезімі бар, халқымыздың бүгінгі биігіне қуанышы бар. Осындай ақтарылған көңіл-күй мың-мыңдаған оқырмандарымызға ортақ деп білеміз. Алтысында шілденің Туған күні Елбасының! Біле білсең, қазағым, Нұрсұлтан сенің асылың. Сөйлегенде сезгендейсің Найзағайдың жасынын! Келгеннен бұл өмірге жоқ қой міні. Шарлап кетті әлемге – Оның үні! Халықтың бағы болған алып тұлға, Туған елін көтерді асқар шыңға. Биікке тәуелсіздік туын тігіп, Аңыз боп қосылды аты өлең-жырға! Қызмет етіп еліне, Халқының болды панасы. Осы тұлға қазақтың хас данасы, Қайталанбас дарасы! Қосылды жырға тағы да Жаралды халық бағына. Бүкіл халық тірек болды Мызғымайтын тағына! Ел мен жердің тірегі, Бірге соққан жүрегі. Жасасын ұзақ Елбасы – Бар халықтың тілегі! Қазақстан Республикасының  халық әртісі  Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы ШӘРІПОВА. Алматы.