• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 14 Сәуір, 2023

Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді

492 рет
көрсетілді

Синоптиктер 15-17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, елімізде алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі. Батыста жаңбыр жауады, солтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады, бұрқасын, көктайғақ және тұман болжанады. 

Сондай-ақ оңтүстік аймақтарда ыстықтың бәсеңдеуі және қатты жауын-шашын, найзағай мен бұршақ болады деп күтілуде. Бүкіл аумақта жел күшейеді.

16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17 сәуірден бастап Түркістан облыстарында түнгі уақытта үсік жүреді.