«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларында ауаның ластану деңгейі туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 18 сәуірге қараған түні Ақтөбе, Атырау мен Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - бұл атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы.