Төтенше жағдайлар министрлігі Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыс туралы тағы бір ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сағат 18.15-те барлық авариялық-құтқару және үйінділерді талдау жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігі комиссия құрды. Осы комиссия орын алған жарылыстың мән-жайын анықтап, келтірілген залалды анықтайды», делінген ТЖМ хабарламасында.
Еске салайық, 17 сәуір күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екі подъезді 12 пәтерлі тұрғын үйде газ баллоны жарылған болатын. Бір кіреберіс құлағанда 11 адам зардап шекті.
Кейінірек Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.
«ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер беретінін хабарлады.