• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Университет 18 Сәуір, 2023

Журналистика оқулары

383 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналис­тика тарихы мен ғылыми мектептер негізін қалаған ұстаз-ғалымдар – Қайыржан Бекхожин, Темірбек Қожакеев, Марат Барманқұлов оқулары өтті.

Ғалымдардың шығармашылық мұ­расын зерттеуге арналған іс-шара­ға жур­налистика факультетінің ғалым­дары Клара Кабылғазина, Сағат­бек Медеубекұлы, Ғалия Ибраева, Сәуле Барлы­баева, Әмірхан Молдабеков қатысып, естелік айтты.

«Қайыржан Бекхожин, Темірбек Қожакеев, Марат Бар­­­­ман­құлов сияқ­ты қазақ журналистикасының кори­фей­лерінен дәріс алып, кейіннен әріп­тес болғанымды өмір бойы мақ­таныш етуден танған емеспін. Өйт­кені адамгершіліктің биігінде, ғы­лым­ның шыңында танылған мұндай тұлғалардың өмір жолы – ұлты­мызға ұлағат. Ғалымдар құрметіне арналған байқау университетте жылда өтіп келеді. Байқаудың ғалымдардың шы­ғар­машылығын, еңбектерін танып-білуі үшін журналистиканың ғылы­ми тұжырымдамасы негіздерін бағам­дау үшін шәкірттерге тигізетін пай­дасы мол», деді Журналистика факуль­те­ті баспасөз және электронды БАҚ ка­фе­дра­сының доценті Клара Ка­был­ғазина.

Аталған кафедраның доценті Са­ғат­бек Медеубектің айтуынша, ұс­тазды ұлықтаудың, ұрпақ санасы­на ұла­ғатын ұялатудың озық үлгісі журн­алистика фа­культетінде үздік­сіз жалғасып келеді. «Ұлттық журналис­тиканың майталмандарын тәрбиелеген Қайыржан Бекхожин, Темірбек Қо­жакеев, Марат Барманқұлов оқу­ла­ры арқылы шәкірттердің кәсіби ма­шы­ғын жетілдіру, құзыреттілігін арт­тыру – шын мәнінде ұлағатты іс. Та­лай дарындылардың тұсауын кескен, бо­лашағына жол ашқан бұл оқулардың республикалық ауқымда өтіп жатқаны қуантады», деді ол.

Жас ғалымдардың журналистика оқулары ғылым мен білімге, өнеге мен тәрбиеге баулуда ықпалды да та­нымдық шараға айналып келеді. Осы орайда студенттер мен жас ғалым­дарға арналған байқаудың нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, үздік жұмыс­тарға бір реттік арнайы шәкіртақы тағайын­далды.

 

АЛМАТЫ