• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Сәуір, 2023

Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

279 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елордада көктайғақ болады, ал Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде Алакөл көлдерінің аудандарында кей уақытта 23-28 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 2-7 градус үсік жүреді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысында түнде 1-6 градус үсік және Алматыда 1-3 градус үсік жүреді.

Астанада көктайғақ, тұман күтіледі.

Абай облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығсында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.

Павлодар облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19-20 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 19 сәуірде түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік, 20 сәуірде облыстың таулы аудандарында 1-3 градус үсік сақталады.