Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің Telegram каналына сілтеме жасап.
Үкімет басшысы онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысады.
«Үкімет басшысы өңірге сапары аясында Шүлбі ГЭС-і және «Ғаббасов» қазандығының жұмысын тексереді және Ядролық медицина және онкология орталығына, сондай-ақ басқа да бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанға барады», делінген хабарламада.