Кеше Францияның Анже қаласында шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы 1А дивизионының әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Байрақты додада Қазақстан құрамасының хоккейшілері де өнер көрсетіп жатыр.
Франциядағы додада ел намысын 23 хоккейші қорғайды. Олар – қақпашылар: Владимир Истомин, Владимир Никитин (екеуі де – «Барыс», Астана), Руслан Кәкенов («Ястребы», Орал). Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Глеб Решетько, Даниал Шақшақбаев (бәрі – «Барыс»), Александр Ким («Эссет», Финляндия) Бейбарыс Оразов («Астана») Рахат Оспанов (Онтарио хоккей академиясы, Канада).
Шабуылшылар: Арыстан Әмірханов, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Егор Левковец, Денис Леута, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәли Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников (барлығы – «Барыс», Астана), Әділ Бейсембаев («Астана»), Дәулет Нұркенов («Эссет», Финляндия).
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы кеше әлем чемпионатындағы тұсаукесер кездесуін Мажарстанмен өткізсе, бүгін Жапония хоккейшілерімен ойнайды. Ал 26 сәуірде – Дания, 27 сәуірде – Украина, 29 сәуірде Франциямен шеберлік байқасады.