• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Энергетика 24 Сәуір, 2023

Биыл Екібастұз жылу электр орталығының жөндеу жұмыстары аяқталады

443 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының 19 сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өз баяндамасында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Екібастұз энергия торабын кешенді түрде жаңғырту жүргізілетінін, бұл шамамен 3 ГВт жаңа генерацияны енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ желтоқсан айында қуаты 500 МВт Екібастұз ГРЭС-1-де 1-ші энергоблок қалпына келтіріледі. Жалпы қуаты 1 200 МВт-тан асатын 3 және 4 энергия блоктарын енгізу арқылы ГРЭС-2-ні кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы қуаты 1 200 МВт болатын 5 және 6 энергия блоктарын салу бойынша жобалау алдындағы жұмыстар басталады.

Министрдің айтуынша, Екібастұз ЖЭО жаңғырту шеңберінде осы жылы ұзындығы 5,3 км жылу желілерін күрделі жөндеуді аяқтау, 5 су жылыту қазандығы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу, ЖЭО-ның 3 энергетикалық қазандығын, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жаңғыртуды соңына дейін жеткізу жоспарлануда.

Жалпы экономиканың электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілігін өтеу үшін 2035 жылға дейін 17,3 ГВт жаңа қуаттар енгізіледі.

Сондай-ақ министр дизель отынының жалпы қорының 370 мың тоннаға дейін ұлғайғанын, бұл елдің 21 тәуліктік қажеттілігін өтеуге жеткілікті екенін атап өтті. Тұтастай алғанда, нарықтық экономикаға қарай қабылданған бағдар мұнай өңдеу зауыттарының техникалық қайта жарақталуы мен сенімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.