• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2023

Жаңаөзендегі жұмыссыз тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

470 рет
көрсетілді

Жаңаөзенде мұнай компанияларының басшылары жергілікті әкімдікпен кездесіп, жұмыссыздық мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнай өнеркәсібіне жұмысқа орналасу мәселесі 2019-жылдан бері көтеріліп келеді. Сондықтан «ӨзенМұнайГаз» АҚ және Жаңаөзен қаласы әкімдігі бірлесе құрған алгоритмге сәйкес «ӨЗЕНИНВЕСТ» ЖШС, «Тазасу» ЖШС, «БН» ЖШС, «ӨзенМұнайГаз» АҚ компаниялары бүгінге дейін 4000-ға жуық азаматты жұмыспен қамтыған. Ал сирек қолданыстағы мамандық бойынша 146 адам қызмет етіп жүр.   Алайда, Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Ұлбазар Орынбаеваның айтуынша, алгоритмге сәйкес әлі де 9996 адам жұмысқа орналасуға кезекте тұр. «Қазіргі таңда 9996 адам кезекте тұрғанымен оның ішінде 415 адам жеке кәсіпкер, ал 4333 адамның зейнетақы қорына аударымдары үздіксіз түсіп тұр. 2603 жұмыссыз азамат алгоритмге сәйкес кезекте тұр. Жұмысқа орналасқысы келген адам алдымен Өзенинвест мекемесінде уақытша қызмет етіп, аутсорсинг бойынша «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на тұрақты жұмысқа орналаса алады», деді Ұлбазар Орынбаева. Жиында мекеме басшылары өз ойларын айтып, ұсыныстарын ортаға салды. «ӨзенМұнайГаз» АҚ басшысы Нұрдәулет Игілікұлының айтуынша, «ӨзенМұнайгаз» компаниясы 10 000-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұдан артық адамды жұмыспен қамту компанияның экономикалық жағдайына кері әсерін тигізеді. Сол себепті «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов алдағы уақытта әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыз жандарға алгоритм аясында «ӨзенМұнайГаз» АҚ компаниясына қарасты еншілес мекемелерге жұмысқа орналасуға ұсыныс білдірді.