Бірқатар өңірде көліктерге жанармай құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тарифтерін көтеру туралы бұйрыққа енгізілген түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, баға келесі өңірлерде өсті: Алматыда – литрі 65 теңгеден 75 теңгеге дейін; Алматы облысында – 70 (75 – шалғай елді мекендерде) теңгеден 75 (80) теңгеге дейін; Шығыс Қазақстан облысында – шалғай елді мекендерді ескере отырып, 60 (65) теңгеден 70 (75) теңгеге дейін; Солтүстік Қазақстан облысында – литрі 70 (75) теңгеден 75 (80) теңгеге дейін; Абай ауданы бойынша – 60 (65) теңгеден 65 (75) теңгеге дейін.
Қалған өңірлерде автогаз бағасы өзгеріссіз қалды.