Қазір электронды темекіні екінің бірі пайдаланады. Әсіресе, мектеп оқушылары әуес. Бір-біріне еліктеп, бір рет шегіп көреміз деп тәуелді болып жатыр. Ал Көкшетауда оқушы қыздар «одноразка» сұрап көшеде жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде Көкшетау қаласындағы электронды темекі сататын дүкеннің бірінің алдында ұзын-сонар кезекте тұрғандардың видеосы жарияланды. Толған жастар. Олар тіпті көшеде «одноразка алып беріңізші» деп сұрап жүр.
Электронды темекі кәдімгі темекіден де зиян. Соған қарамастан олардың әуестігі артып барады. Көкшетау тұрғыны жазбаға Ақмола облысы білім басқармасын белгілеп, мәселеге назар аударуға шақырыпты.
Сондай-ақ «Ата-аналары біле ме екен?», деп сауал қалдырыпты.