«Қазгидромет» синоптиктері ұсынған мәліметке сәйкес, республиканың батысында атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
«Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады», делінген хабарламада.
Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста – шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде 2-7 градус аяз сақталады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +22+24°С.