3-13 мамыр аралығында Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы желбірейді.
2024 жылғы Парижде өтетін Олимпия ойындарының іріктеу бәсекесі саналатын сары құрлық додасында Қазақстан құрамасынан 20 спортшы қатысады. Атап айтқанда, ерлер құрамасынан әлем және Азия чемпионы Арли Чонтей (55 кг), сондай-ақ ел біріншілігі мен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары Өтепберген Әлиев (61 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Алексей Чуркин (73 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), Асылжан Бектай, Сергей Петрович (екеуі де – 89 кг), Нұрғиса Әділетұлы, Артем Антропов (екеуі де – 102 кг) және Андос Самарқанов (109 кг) бас жүлде үшін таласады.
Ал әйелдер сайысында Айнұр Әбдіқалықова (45 кг), Екатерина Алякина (55 кг), Алина Колиушко (59 кг), Карина Горичева (64 кг), Арай Нұрлыбекова (76 кг), Айша Омарова, Айым Есжанова (екеуі де – 81 кг), Динара Қыпшақбай (87 кг), Айсамал Сансызбаева, Любовь Ковальчук (екеуі де – 87 килодан жоғары) ел намысын қорғайды.