• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Құқық 26 Сәуір, 2023

Бәрі бақылаудың жоқтығынан ба?

296 рет
көрсетілді

Павлодар облысында қыл­мыс­­­тық әрекетке барған жас­өспірімдердің саны азаяр емес. Былтыр наурызда тіркелген қыл­мыстық оқиға саны 8 болса, биыл дәл осы кезеңде 5 қыл­мыстық іс есепке алынды.

Өңірлік жергілікті полиция қызме­тінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Бибігүл Қамзинаның айтуынша, тәртіп сақшылары педагогтермен, ата-аналармен бірлесіп өткен жылдың қыркүйек айынан бері мектептерде тәрбиелік іс-шараларды қолға алған. Кәмелетке толмағандардың іс­тері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия да бұл бағытта үзбей жұмыс жүргізіп жа­­тыр. Соның нәтижесінде өткен наурыз айын­­­да жасөспірімдермен жасалған қыл­­­мыс саны 38 пайызға азайған.

«Талдаулар көрсеткендей, жас­­­өспірімдердің көбі құрбы-құрдас­тарымен жан­жалдасып қалған жағ­дайда шие­леністерді бейбіт жолмен шешуге қа­білетсіз. Ал ата-аналары олар­ды бақы­лаусыз қалдырған. Осын­дай ке­лең­сіздік салдарынан бала­лар түрлі құқықбұзушылыққа ба­рады. Тек өткен наурыз айында балаларды тәрбиелеу міндетін жеткілікті атқар­мағаны үшін 85 ата-ана әкімшілік жа­уапкершілікке тартылды. Тағы 363 ата-ана түнгі уақытта балаларын қа­дағалаусыз қалдырып, оқушылар кө­ңіл көтеру орындарын жағалап кет­кен. Бұл азаматтарға да шара қол­данылды. Жалпы, жасөспірімдерге қа­тысты қылмыстардың 46 пайызға тө­мендегені, соның ішінде кәмелетке тол­мағандарды жыныстық қарым-қаты­насқа итермелеу бойынша оқиғалар саны 53 пайызға азайғаны тіркеліп отыр. Мұның барлығы біздің бірлескен іс-шараларымыздың нәтижесі деп санаймыз», дейді ол.

Былтыр өңірдегі мектептердің орта сыныптарында анонимді сауалнама­­лар жүргізілген екен. Мамандар са­уал­намаларды талдай отырып, жасөспі­­рім шақтағы балалардың мінез-құлқы­­мен ата-аналардың көбі айналыспай­­ты­­­нын, негізгі ауыртпалықты педа­гог­тер­ге жүктеп қоятынын анықта­ды. Бал­а­лар жылы аясында балалар ара­сындағы қылмыстың алдын алу үшін түрлі алгоритм құрылып, баланы жет­кілікті қамти алмайтын отбасылар анықталып, жер­гілікті әкімдіктердің жауапты бө­лімдері олармен жұмыс істей бастаған. Тұрғылықты мекенжайлары бойын­ша рейдтер жүргізгенде тұрмысы тө­мен отбасылар арнайы есепке енгізіліп, баланы бағып-қағуға жауапсыз 66 отбасыдан сот шешімімен ата-ана­лық құқығы алынған. Тағы 47 отбасының ата-аналық құқығын шектеу бойынша ұйғарым жасалған. Яғни ондай отбасылар алдағы 6 ай ішінде түзелмесе, құқығы біржола шектелетіні ес­кертіледі.

Ресми статистикаға сүйенсек, қа­зір­гі уақытта Павлодар облысының аума­ғында кәмелетке толмаған 203 467 бала бар. Өңірде 54 бала және 266 от­­басы арнайы есепте тұр. Балалар ісі­мен айналысатын мамандар соңғы жа­салған қылмыстық оқиғалардың көбі агрессияға негізделгенін айтады. Себебі ер және қыз балалар 11-12 жасқа толғанда бойларында фи­зио­логиялық, психологиялық өзгеріс­терден бөлек, эмоционалды мінез-құлық жылдам дами бастайды. Үйдегі үлкендер мұны уақытында аңғарса ғанибет. Болмаған жағдайда балалар эмоциялық сезімдерге ырық беріп, оң-солын танымаған күйде отқа барып түсетінін көз көріп жүр.

Ал психолог ғалым, мектепішілік әкелер кеңесінің басшысы Берік Ма­таев бүгінгі жас ұрпақтың зорлық-зом­былық әрекеттерге әуестеніп бара жат­қанын қоғамдағы әке рөлінің төмендеп кетуімен байланыстырады.

«Өкінішке қарай, отбасында әкенің рөлі жоғары болмаса, балалардың тәрбиелі болып өсетініне күмән мол. Балалық шағымызда тентектік жасап, бір нәрсені бүлдіріп қойсақ, анамыз: «Әкең білсе оңдыртпайды» дей­тін. Осы бір ауыз сөз бойымыз бен ойы­мызды жинап алуға жеткілікті еді. «Әке қабағы» деген ұғым қазақта ежел­ден бар емес пе? Ал екінші тұрғы­дан­ әкенің отбасындағы абыройының биік­­те тұруы анаға байланысты. Ол еріне сыйластықпен қарым-қатынас жа­саса, балалары да соны үлгі тұтады», дейді ғалым.

Өңірлік білім беру басқармасы тәр­бие жұмысы мен қосымша бі­лім бе­ру бөлімінің басшысы Бек­батыр Айт­махан мәселенің көбі бала­лар­дың түнгі уақытта бақылаусыз жү­руі­нен шығады дейді. Қазірдің өзін­де об­лыст­ағы орта білім беру меке­ме­ле­рінде 329 оқушы мектепішілік ба­қы­­лауда тұр. Ал 31 бала полиция ор­ган­дарының есебіне іліккен. «Аймақ­тағы 356 мектептің барлығы бей­не­каме­ра­мен қамтылған. Бұрын әр мек­теп­те полицияның бір ­инспекторы оты­­ратын. Қазір белгілі бір аумақта орна­­ласқан бірнеше мектепке бір инс­пек­тор жауап береді. Бұрынғы жүйе қайтарылса, артықтық етпес. Ата-ана­лардың қалауы да осы», дейді бөлім жетекшісі.

 

Павлодар облысы