• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Саясат 25 Сәуір, 2023

Байланыс дамиды

294 рет
көрсетілді

Алматыда Халықтық Рада спикері Борис Коллар бастаған Словакия делегациясының қатысуымен осы елдің Құрметті консулдығы ашылды. Құрметті консул қызметіне Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, жасыл экономика саласындағы сарапшы Гүлмира Толғанбаева тағайындалды.

Ресми іс-шараға Парламент Мә­жілісінің Халықаралық іс­тер, қорғаныс және қауіпсіздік ко­митетінің төрағасы Айгүл Құспан және Сыртқы істер ми­нис­трінің орынбасары Роман Василенко қатысты.

Салтанатты рәсімге қатысу­шы­ларға арнаған сөзінде Слова­кия Халықтық Рада спикері Б.Коллар Қазақстанның ірі қар­жы, ғылыми, білім беру және туристік орталығы – Алматыда словак консулдығын ашудың маңызына тоқталды. Б.Кол­­лардың айтуынша, Алматы және Алматы облы­сы­ның Қазақ­стан­ның эко­но­ми­калық орта­лы­ғы ретіндегі рөлі айрықша. Кон­сулдық Словакия азаматтарына қолдау көрсете отырып, екі елдің ынты­мақтастығына және бизнес әріптестіктің дамуына ық­пал етеді.

Өз кезегінде депутат Айгүл Құспан құрметті кон­сул­дық­тың ашылуы Қазақ­стан мен Словакия арасындағы дип­ло­­матиялық қа­ты­настардың орна­ғанына 30 жыл толуына орай­ластырылып отырғанын жет­кізіп, бұл оқиға дәстүрлі достық байланыстарды нығай­тудағы тағы бір маңызды қадам екеніне тоқталды.

Сыртқы істер министрінің орын­басары Р.Василенко консул­дық мәдениет, ғылым, білім, эко­но­мика және өзара сауда салаларында Қазақстан-Словак ынты­мақтастығын дамы­ту­ға және нығайтуға ықпал ете­ті­ніне сенім білдірді.