Алматыда Қазақстандағы бұлтты технологиялардың болашағы, IT нарығындағы трендтер және киберқауіпсіздік бойынша конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
IT мамандар бас қосқан жиын барысында әлемдік нарық және сервистік қажеттіліктер бойынша ұсыныстар айтылды. Сарапшылар Қазақстан IT нарығының трендтері және бұлтты платформалар, қосымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Осы орайда Қазақстанда шағын және ірі бизнесті цифрландыруға арналған VK Cloud бұлтты платформасы QazCloud-пен серіктестік орнатуы таяу келешекте бұл бағыттағы түйткілді мәселелерді шешуге ықпал етеді. Біріншіден, сервистік қызмет аясы кеңейетін болса, екіншіден IT мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді. VK Cloud технологиясы мен қызметі ірі және шағын кәсіп пен стартаптардың сандық жобаларын дамытуға, оларды нарыққа тезірек шығаруға және икемді масштабтауға көмектеседі. Бұлт платформасы Қазақстан компанияларына бейімделе отырып, ел заңнамасына сәйкес QazCloud сандық орталығында орналасатын болады.
Бұлт платформасы 20-дан астам алдын ала конфигурацияланған IaaS және PaaS қызметін біріктіреді. Аталған сервистердің көмегімен деректерді сақтауға мүмкіндік артуымен қатар, инфрақұрылымды санаулы минуттарда орналастыруға болады.
VK Tech басқарушы директоры Павел Гонтаревтың айтуынша, бұлтты сервистер цифр өнімін әзірлеу мен дамытудың стандартына айналып, нәтижесін нарыққа шығаруға жеделдетумен қатар, бәсекелестік артықшылығына ықпал етеді. Сонымен қатар ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын құру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап деректерді сақтау мен өңдеуге және ML модельдерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
«Астанадағы жасыл технологиялар бойынша салынған QazCloud деректер орталығы VK Cloud локализацияланған платформасы бар Қазақстанның IT мамандарына барлық құралды Қазақстан аумағында трансшекаралық деректерсіз, яғни артық шығындарсыз алуға көмектеседі. Өйткені қазіргі кезде еліміздегі көптеген компаниялар өз деректерін Google, Amazon, Yandex сияқты шетел платформаларында сақтауға мәжбүр. Ендігі кезекте бұлттық сервистік платформалардың өз елімізде дамуы отандық команиялар деректерінің ашықтығы мен қауіпсіздігінің кепілі бола алады», дейді QazCloud бас директоры Қасым Есергепов.
VK Cloud бұлт платформасы Қазақстан нарығына бейімделген. Жергілікті сандық орталыққа орналастыру «Дербес деректер туралы» заңнама талаптарының сақталуын, сондай-ақ қызметтің жоғары жұмыс жылдамдығын қамтамасыз етеді. Ал Qazcloud инфрақұрылым провайдері IT-инфрақұрылымды қолдау, қызмет көрсету және жаңғырту, виртуал ресурстарды жалға алу және орналастыру, IT-аутсорсинг, ақпарат қауіпсіздігі және жүйелерді техникалық тұрғыдан сүйемелдейді.