Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 453,93 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық банк еуро бағамын 501,86 теңгеге, ал рубль бағамын 5,59 теңгеге белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 452-455 теңге, еуро 498-503 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында сатылып жатыр.
26 сәуірдегі сауда-саттық барысында мұнай бағасы қымбаттады. Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне 0,56%-ға өсіп, 81,05 долларға жетті, WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері 0,67%-ға өсіп, 77,59 доллар болды.