• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Сәуір, 2023

Қолжетімді цифрлық құжат

321 рет
көрсетілді

eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты» қолжетімді. Оны жеке басты куәландыру үшін пайдалануға болады.

Бұл – шетелдіктің Қазақстанда тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат. Оны ресімдеу үшін ел аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу қажет.

«eGov Mobile қосымшасы жетістіктерінің бірі – «Цифрлық құжаттар» бөлімі. Біз ел тұр­ғындары мен Қазақстанда тұруға құ­қығы бар шетелдіктерге ың­ғай­лы болу үшін өмірлік қа­жетті құжаттардың барлығын цифр­лық форматқа көшіріп жа­тырмыз. Енді «Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты» цифрлық құ­жаты мо­бильді қосымшада қолжетімді. Шет­елдіктер бұл элек­­трондық құ­жатты талап ету орны бойынша барлық жерде қағаз құжатпен қатар пайдалана алады», деді «Ұлт­тық ақ­параттық технология­лар» АҚ бас­­қарма төрағасы Рос­тислав Ко­няшкин.

Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, басты беттегі «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі құжаттар тізімінен «Шетелдіктің тұруына ықтиярхатын» басу қа­жет.

Цифрлық құжатта қате мә­ліметтер анықталған жағдайда «Қате туралы хабарлау» батыр­масын басу арқылы тиісті мем­лекеттік органға e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.

Цифрлық құжат – түпнұсқа құжаттың аналогі. Қазіргі уа­қытта eGov mobile мобильді қо­­­сым­шасының «Цифрлық құ­жат­тар» сервисінде 11,7 млн-нан ас­­там азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, пас­порт, жүргізуші куәлігі, вакцина­лау пас­порты, ПТР тесті және туу туралы куәлік және та­ғы басқасы) бар. Барлық цифр­лық құжатты талап ету орны бойынша ұсынуға болады. Элек­тронды құжаттың, яғни цифр­лық құжаттардың, олардың ана­логтерінің баламалылығы заңмен бекітілген.