• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Теннис 27 Сәуір, 2023

Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты

184 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисшісі Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан Мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 100-орында тұрған колумбиялық Даниэль Элаи Галанмен өткізді.

Бірінші партия бір сағаттан астам уақытқа созылып, онда Бублик бесінші сетболын пайдалана алды - 7:6 (17:15).

Екінші сетте колумбиялық спортшы тай-брейкте есе қайырды - 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда Бублик жеңісті жұлып алды - 6:4.

Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездеседі.