Бұл күндері Вьетнамда волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлық додасына қатысып жатқан Өскеменнің «Алтайы» қатарынан екінші ойында жеңіске жетті.
Бірінші турда Таиландтың «Дайамонд Фуд Файн» волейбол клубын 3:2 есебімен тізе бүктірген жерлестеріміз екінші турда Моңғолияның «Хувсгул Эрчим» командасымен кездесті. Небәрі үш партияға жалғасқан матчта Юрий Панченконы шәкірттері еш қиындықсыз 25:12, 25:9, 25:11 есебімен басым түсті.
Алайда кеше өткен үшінші турда жерлестеріміз Қытайдың «Ляонин Донхуа» клубынан жеңіліп қалды – 3:0 (25-19, 25-22, 25-21). «Алтай» төртінші турда Гонконгтің «Хип Хин» командасымен шеберлік байқасады. Бұл матч ертеңге жоспарланған.