• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Сәуір, 2023

Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

385 рет
көрсетілді

Қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен ұсталып, артынша қашып, кейін  елге қайта  қайтарылған Серік Күдебаев сотта жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде өз кінәсін мойындаудан бас тартты.

«Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атпадым. Азаптау болмады. Тағылған айыптар сотта дәлелін таппады», деді Серік Күдебаев.

Еске сала кетейік, Серік Күдебаевтың ісін Талдықорған облыстық соты қарап жатыр. Ол Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бойынша жауапқа тартылды.

Алматы облысының полиция департаментін басқарған азамат қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылып, қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде танылды.