• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2014

Дәуірлік маңызы бар көреген идея

315 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің туған күніне орай бірқатар мемлекет басшыларынан құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауында Қазақстан тари­хындағы әлеуметтік, экономи­ка­лық және сыртқы саясат саласын­дағы айрықша табыстар­мен есте қалатын тұтас бір дәуір­дің­ Нұр­­сұлтан Назарбаев есімі­мен тығыз байланысты екені айтыл­ған. «Ресей-Қазақстан достық қарым-қатынасы дамуының табанды жақтаушысы ретінде Сіз елдеріміз арасындағы стра­тегиялық серіктестік пен одақ­тастықты нығайтуға жеке зор үлесіңізді қосып келесіз. Еура­зия­лық одақ жөніндегі Сіздің көреген идеяңыздың жүзеге асуының шын мәнінде дәуірлік маңызы бар», – делінген құттықтауда. Қытай Халық Респуб­лика­сы­ның Төрағасы Си Цзиньпин өз құттықтауында Қазақстан Президентінің қолдауымен Шанхайда АӨСШК IV саммиті табысты өтіп, оның құрылым жұ­мысының жаңа кезеңге шығуына септігін тигізгенін  атап өткен. «Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуын жоғары бағалаймын, Сізбен арамызда орныққан іскерлік қарым-қатынас пен берік достықты қадірлеймін, тығыз байланысымызды одан әрі жалғастыру ниетіндемін», – де­лінген құттықтау хабарламасында. Беларусь Республикасының Президенті Александр Лука­шен­коның құттықтауында Қазақ­станның игілігі мен өркендеуі жолындағы Нұрсұлтан Назарбаев­тың жан-жақты қызметі мен қа­жырлы еңбегі аса зор құрметке лайықты екені атап өтілген. «Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Сіздің ұсы­ны­сыңыз нақты жүзеге асты. Бұл қадам Беларусь-Қазақстан стратегиялық серіктестігін нығайтады және экономика­лық әлеуе­тімізді, азаматтардың әл-ауқа­тын арттыру мақсатында дос­тас елдеріміздің тиімді өзара ық­палдастығы үшін бұдан да қо­лайлы жағдайлар туғы­затынына күмән жоқ», – дейді А.Лукашенко. Мемлекет басшысына Өзбек­стан Республи­касының Прези­денті Ислам Каримов өз құттық­тауын жолдады, онда мемлекет және қоғам құру саласындағы Қа­зақстанның қол жеткізген табыс­тары, сондай-ақ, халықтың бақуат тұрмысын қамтамасыз ету­ге бағытталған ауқымды әлеу­мет­тік-экономикалық реформалар Нұрсұлтан Назарбаевтың есі­мімен тығыз байланысты екені айтылған. «Ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілестікке және өзара құрметке негізделген Өзбекстан-Қазақстан ұзақ­мер­зімді стратегиялық қа­рым-­қа­­тынасының аясы халық­­тары­мыздың мүддесі, өңір­дегі бей­бітшілік пен тұрақтылық жолында алдағы уақытта да барған сайын кеңейіп, тереңдей беретініне сенімдімін», – делінген құттықтау мәтінінде. Қазақстан Президентінің атына, сондай-ақ, Украина Пре­зиденті Петр Порошенкодан құттықтау келіп түсті, онда Қазақстан мен Украина бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ынтымақтастықтың ілгері қарай дамуын, сондай-ақ, халықаралық аренадағы өзара тиімді ықпал­дастықты қамтамасыз ететіні айтылған. «Украинада біздің мемле­кеттеріміздің халқын біріктіретін байырғы тарихи, мәдени және экономикалық байланыстар жоғары бағаланады. Украина мен Қазақстан арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету достас екі елдің мүддесіне сай келеді», – делінген құттықтауда.

Зор құрметке лайық жемісті қызмет

Мемлекет басшысының атына туған күніне және Астана күніне байланыс­ты халықаралық ұйымдардың, шет елдер мен Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік құрылымдары басшыларынан, сондай-ақ, Қазақстан мен таяу шет елдер азаматтарынан көптеген құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Хаттар мен жеделхаттарда тәуелсіз Қазақстанның қалыпта­­­суы мен дамуына Мемлекет басшысының қосқан орасан үлесі, оның біздің еліміз қол жеткізген елеулі әлеуметтік-экономикалық табыстар мен халықаралық беде­лінің нығаюындағы рөлі атап өтілген. Сондай-ақ, авторлар рес­пуб­ликаның экономикалық, сая­си және мәдени орталығына, ауқым­ды халықаралық іс-шаралар өтетін орынға айналған Астананың жарқын болашағына тоқталған. Мемлекет басшысының атына жол­данған құттықтаулардың арасында ха­лықаралық ұйымдар мен құрылымдар басшыларының хаттары мен жеделхаттары ерекше орын алады. ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшы С.Ле­бедев өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың қуатты да өсіп-өркендеген Қазақстанды құруға бағытталған жоғары мемлекеттік лауа­зымдағы көпжылдық жемісті қызметінің аса зор құрметке лайықты екенін айтады. «Ойыңыздың ауқымдылығы мен тереңдігі, алыс болашақты көздеп, қазіргі заманның жаһандық үдерістерін алдын ала көре білу қабілетіңіз қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлем жағдайында Сізге оңтайлы шешімдер қабылдауға септігін тигізіп келеді. Өңірлік және әлемдік саясаттың өзекті мәселелеріне деген Сіздің сын­дарлы және ықыласты көзқара­сыңыз Тәуелсіз мемлекет­тер достастығында және халық­ара­лық аренада Қазақстан Республи­касының беделінің артуына  ықпал етуде», – делінген хатта. Қазақстан Президентінің атына Еура­зиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы В.Христенко құт­тықтау жолдап, Еуразиялық экономикалық одақ құру негізінен Нұрсұлтан Назар­баевтың жүйелі түрде жұмсаған күш-жігері арқасында ақиқатқа айналғанын айтады. ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бор­дюжа өз құттықтауында Мемлекет басшысына ұйымның қауіпсіздігі мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған қызметіне үнемі көңіл бөлетіні үшін ризашылығын білдірген. «Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан Республикасы саяси және экономикалық әлеуетін ұдайы арттыра отырып, қуатты, қарышты, әлемдік және өңірлік саясатта көрнекті орнын заңды түрде алған мемлекетке айналды», – деп атап өткен Н.Бордюжа. Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Д.Қасейінов Қазақстан Президентінің Қазақстан халқы­ның бірлігін нығайтуға қосқан орасан зор үлесін атап өткен. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі хатшы­лы­ғы­ның басшысы – Бас хатшы А.Сергеев, ТМД Экономикалық со­тының төрағасы Л.Каменкова, Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің ТМД Парламент­аралық Ассамблеясы мен ЕурАзЭҚ Пар­ламентаралық Ассам­блея­сындағы өкілі Х.Бакенов, Еура­зиялық экономикалық комис­сияның Бәсекелестік және моно­полияға қарсы реттеу жө­нін­дегі алқасының мүшесі Н.Алда­бергенов, ТМД Үкімет басшы­лары кеңесі жанындағы Жауын­гер-интернационалистер іс­тері жөніндегі комитеттің төр­ағасы Р.Аушев, Кәсіподақ­тар­дың жалпыға ортақ конфедера­циясының бас хатшысы В.Щер­баков және Мемлекетаралық авиа­ция комитетінің төрайымы Т.Анодина, «Мир» МТРК төрағасы Р.Батыршин жолдаған хаттар мен жеделхаттарда авторлар Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары мемлекеттік қызметте табыс пен жаңа жетістіктер тілеген. Мемлекет басшысына өз құт­тықтау­ларын халықаралық қаржы және іскерлік орта өкілдері жолдады, олардың арасында, атап айтқанда, Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы И.Финогенов, «Access Industries» компаниясының басшылары Л.Блаватник пен С.Карпухович бар. Қазақстанның қарыштап дамуындағы Нұрсұлтан Назар­баевтың рөлі Ресей Федера­ция­сының бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлерінің құттықтау хаттарында атап өтілген. Атап айтқанда, Ресей Федералдық Жиналысы Кеңесінің төрайымы В.Матвиен­коның хатында Қазақстан Президенті Қазақстан халқының лайықты сый-құрметіне және халықаралық аренада жоғары беделге ие екені айтылған. Мемлекет басшысына оны туған күнімен және Астана күнімен құттықтаған хаттар мен жеделхаттар, сондай-ақ, РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры М.Фрадков, РФ Есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызмет директорының орынбасары – статс-хатшы  О.Сафонов, РФКП ОК төрағасы Г.Зюганов, РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары – В.Ресин, И.Кобзон, Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуров, Башқұртстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Р.Хамитов, Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті М.Шәймиев, Астрахань облысының губер­наторы А.Жилкин, Калининград облы­сының губернаторы Н.Цуканов, Кемеров облысының губернаторы А.Төлеев, Омбы облысының губернаторы В.Назаров, Орынбор облысының губернаторы Ю.Берг, Пенза облысының губернаторы В.Боч­карев, Свердловск облысының губерна­торы Е.Куйвашев, Санкт-Петербург қала­сының губернаторы міндетін атқарушы Г.Полтавченко, Челябинск облы­сы­ның губернаторы міндетін атқарушы Б.Дубровский, Астрахань облысы Үкіме­тінің төрағасы, вице-губернатор К.Маркеловтен келді. Мемлекет басшысына өз құттықтауларын Ресейдің іскерлік орта өкілдері де жолдады. «Газпром» ААҚ басқармасының төрағасы А.Миллердің құттықтау хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілестік қарым-қатынастар мен экономикалық байланыстарға елеулі үлесін қосып келе жатқаны айтылған. Туған күнмен және Астана күнімен құттықтаған хаттар мен жеделхаттарды, сондай-ақ, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті С.Катырин, «РЖД» ААҚ президенті В.Якунин, «Роса­том» корпорациясының бас директ­оры С.Кириенко,  «Роснано» ААҚ басқарма­сының төрағасы А.Чубайс, «Газпром нефть» ААҚ бас директоры А.Дюков, «Сбербанк России» ААҚ басқармасының төрағасы Г.Греф, «Внешэкономбанк» төрағасы В.Дмитриев, «Русснефть» ҰК» ААҚ президенті М.Гуцериев, «Русал» БК бас директоры О.Дерипаска, «Транснефть» АК» ААҚ вице-президенті В.Рушайло, «КамАЗ» ААҚ бас директоры С.Когогин, «ИТЕРА» компаниялар тобының прези­денті И.Макаров, «Мечел» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы И.Зюзин, Омбы «А.С.Попов атындағы радиозауыт» өндірістік бірлестігі директорлар кеңесінің төрағасы И.Поляков жолдаған. Қазақстан Президентіне арналған жылы лебіздер С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің ректоры В.Малышев, Ресей көркемөнер академиясының президенті З.Церетели, «Валерий Гергиев қоры» қайырымдылық қорының басшысы В.Гергиев, Еуропаның геронтология қауымдастығының президенті В.Хавинсон, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі А.Цой, Астрахань облысы «Қазақтар» ӨҚБ төрағасы және басқарма мүшелері Х.Исмуханов, Б.Сексенбаев, Р.Елтаев және Р.Мұхамбетов жолдаған құттықтауларда көрініс тапқан. Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттық­тау хаттары мен жеделхаттар бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, Қазақстанның орталық мем­лекеттік органдары басшыларынан, сондай-ақ, еліміздің шет елдердегі дипломатиялық миссия­лары жетекшілерінен келіп түсті. Атап айтқанда, Парламент Сенатының депутаты, Халық Қаһарманы М.Алтынбаев өз хатында Қазақстан қоғамының орнықты да­муы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша ең­бегі болып табылатынын, Астанада ірі ха­­­лық­а­ралық шаралардың өтуі Қазақстан бас­­шысының биік беделінің арқасы екенін айтады. Қазақстан Президенті атына туған күні мен Астана күніне орай тілек айтқан бірқатар хаттар мен жеделхаттар Қазақстанның кәсіпорындары бизнес-құрылымдары өкілдерінен де келді. Нұрсұлтан Назарбаевты «Қазатом­өнеркәсіп» ҰАК» АҚ  ұжымы атынан компания басқармасының төрағасы В.Школьник құттықтады. Сондай-ақ, «Теңізшевройл» ЖШС  бас директоры Т.Миллер мен оның орынбасары Ә.Жәкиев, «Қазмырыш» ЖШС басқармасының төрағасы Н.Попович, «Қазақстанның халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Павлов және осы банк басқармасының төрайымы Ү.Шаяхметова, Тараз қаласынан «Рысбаева и Ко» ЖШС директоры С.Рысбаева, Алматы қаласынан кәсіпкер Г.Дәркембаева өз құттықтауларын жолдаған. Қазақстан Президентіне өз құттық­тауларын еліміздің ғылыми қоғамдастығы өкілдері де жолдады, олардың қатарын­да Қазақстан Ұлттық ғылым академия­сының президенті М.Жұрынов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры А.Ғазалиев, Молекулярлық биология институтының директоры Н.Айтқожина, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Н.Нәдіров, Қазақстан-Америка еркін универ­ситетінің президенті Е.Мәмбетқазиев, академиктер  С.Қирабаев пен Ә.Бейсенова бар. Құттықтаулар қатарында, сондай-ақ, түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері – Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Ә.Құсайынов, «Қазақстанның жас кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы М.Қожамбек, «Семей қаласы мүгедектерінің «Көмек» бірлестігі» ЗТБ президенті К.Дүтбаев және осы бірлестіктің вице-президенті М.Сариев, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі өкілдерінің хаттары бар. Қазақстан Президентінің атына құттықтаулар мен жылы лебіздерге толы көптеген хаттар мен жеделхаттар мәдениет пен өнер қайраткерлерінен келді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  С.Досановтың құттықтау хатында тәуелсіздік алған сәттен бергі Қазақстанның жеткен жетістігінің барлығы оның көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екені айтылған. Сондай-ақ, жазушы жаңа елорданың салынуын Мемлекет басшысының керемет жетістігінің бірі ретінде атайды. Сондай-ақ, құттықтау хаттары мен жеделхаттарды Қазақстан Республикасының халық әртісі Б.Аюханов, Қазақстан Республикасының халық әртісі, композитор Б.Жұманиязов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Ш.Құмарова жолдапты. Нұрсұлтан Назарбаевқа Астана және Қазақстан Митрополиті Александр, Қазақ­станның католик епископтары конфе­ренциясының төрағасы Т.Пэта, Орал және Ақтөбе архиепископы Анто­ний, сондай-ақ, Орал Епархиясы дін қызмет­керлері мен  өкілдері жылы лебіздерін жолдаған. Мемлекет басшысын еңбек және тыл ардагерлері – А.Шайманов, Ж.Сәдуақасов, М.Сәлкенқызы, Б.Рамазанова, соғыс ардагері Ш.Әлбазаров құттықтады. Социалистік Еңбек Ері К.Дөненбаева өз хатында Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдіріп, оған көздеген мақсаттарына жету жолында табыс тілейді. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының бір топ соғыс және еңбек ардагері – Мырзаханов, Алтыбаев, Салиев, Нығметжанов, Бадиков, Салықбаев, Купиева, Иманқұлова, Мамырбаева, Абса­лямова, Садықова, Мүкіманова, Көнбаева, Сақажанова, Кемелбаева, Биқадамов, Кемелбаев, Берденова, Қинашев, Әкімбаева, Рахымжанова, Қашағанова, Ыдырышев, Марқабаев, Тайырбергенова, Әбішева, Әбішев, Байсаринов, Байсаринова, Бақты­баев, Тұмсабаев, Жапаров, Сақажанова, Қабанбаев, Молдаханов, Шеңгелбаев, Солтанов, Бесбаева, Қизатова, Жағы­па­ров, Сазанбаева, Нұрасылова, Елеу­о­ва,­ Сейілжанова, Нұрпейісов және Жұма­ғалиев жолдаған ұжымдық хатта авторлар Мемлекет басшысына білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жетіс­тіктер үшін, сондай-ақ, ел тұрғындары әл-ауқа­тының артқаны үшін алғыстарын айтады. Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен сыныптастары атынан Е.Жүнісбеков құттықтады. Қазақстан Президенті атына құттықтау хаттары мен жеделхаттарды республиканың көптеген тұрғындары, атап айтқанда, 1-санатты инженер-ұшқыш Н.Ақмұқанов, сондай-ақ, Көкшетау қаласынан Н.Сарайкина-Свинарчук, Талдықорған қаласынан В.Евдощук пен Мұсатаев, Сағындықтар отбасы, Алматы қаласынан А.Кутищев, Т.Әбдікенов, Марат, Нағима және Сәлия Назарбаевтар, Астана қаласынан Л.Дедилина, Е.Бейсенова, С.Әубәкірұлы, Ж.Әбуова, Айтқожиндер отбасы, Рогалевтар отбасы, Тараз қаласынан Қайыпбектер отбасы, И.Жомартова, Шымкент қаласынан Ш.Жұмабайқызы, О.Көшекбаев, В.Щегай, В.Мәтжан, А.Тұрдықұлов, Г.Тәшімбетов және И.Тұрсынбаев,  Орал қаласынан Т.Құбашев, Ақтөбе қаласынан Б.Сәрсенбай, Алматы облысынан Б.Жұманқұлова, Л.Югай, О.Бәрібеков, Жамбыл облысынан Б.Қасенова, Шығыс Қазақстан облысынан О.Қодашев, Қызылорда облысынан З.Баймаханова жолдады. Келіп түскен хат-хабарлармен танысып шыққан Мемлекет басшысы құттықтаулар авторларының бәріне жылы лебіздері мен игі тілектері үшін ризашылығын білдірді.